«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

5-тармақта:

2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді айқындау;»;

4)-тармақша алып тасталсын;

5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

          «5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемін айқындау;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
          «10. ЖҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (төтенше режимін жариялау немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою, пандемиялар кезінде, шұғыл, құпия сипаттағы мәселелер бойынша) қабылданады, және оларға ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

         ЖҒТК отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

         Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЖҒТК хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЖҒТК мүшелеріне келісу үшін жібереді.

ЖҒТК мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.»;

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

«Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (келісу бойынша)».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                   Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

Үкімет қаулысының жобасы
Дата публикации
19 мая 2021