Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2021 жылға арналған ұлттық жазылымды ресімдеу үшін реферативтік және толық мәтінді халықаралық дерекқорлар базасын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін халықаралық дерекқорлар базаларының қызмет көрсетулері ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналасқан халықаралық деректер қорын іріктеу бойынша техникалық ерекшеліктерге сәйкес болуы тиіс. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-83, 8 (7172) 74-24-57.
Конкурстық құжатты түсіндіру бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілдері - Нуркенова Динара Қайриденқызы, Казиханова Саманта Нұрланқызы.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 19 қаңтар мен 2021 жылғы 27 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағ. 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрлерінде) орыс және/немесе қазақ тілдерінде : b.shamekenov@edu.gov.kz (көшірмесін: d.nurkenova@edu.gov.kz) электронды мекен-жайына қағаз және электронды тасымалдаушылары (дискі/ USB флешк-сақтау құрылғысында) түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.
Осы хабарлама қоғамдық оферта болып табылмайды.
1-қосымша: Реферативтік халықаралық деректер базасын қамтамасыз ету жөніндегі шартқа техникалық ерекшелік.