«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ көрсететін қызметтердің бағалары жобаларын қарау жөнінде жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті арнайы құқық шеңберінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ көрсететін қызметтердің бағалары жобаларын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 120-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Өткізілетін күні: 2026 жылғы «3» желтоқсан.

Өткізілетін уақыты: 15 сағат 00 минут.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 11 кіреберіс.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті.

Ұйымдастырушының мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 11 кіреберіс.

Арнайы құқық субъектісі: «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ.

Жария тыңдаулардың мәні: «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның арнайы құқық саласына жататын қызметтеріне бағалар жобаларын талқылау.

Жария тыңдауларға көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
Ғылым комитеті, «НЦГНТЭ» АҚ: 222-11-02 (ішкі нөмірлері: 600, 160).

Интернет-ресурстар:
Ғылым комитеті«НЦГНТЭ» АҚ: https://www.gov.kz/org/science, www.www.ncste.kz.