ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Интеграциялау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 22 қыркүйек аралығында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама, оларға қол қою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыруға; жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама шеңберінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге; Министрліктің жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерді, Министрдің бұйрықтарын дайындауға; үкіметаралық комиссиялар, білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ білімді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер мен сараптамалық материалдарды даярлауға; жоғары білім және ғылым саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту бойынша бағдарламаларды, ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу және құруға қатысуға; шетел мемлекеттері (Хорватия Республикасы, Сербия Республикасы, Солтүстік Македония Республикасы, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Люксембург Корольдігі, Нидерланд Корольдігі, Швейцария Конфедерацияcы, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина) бойынша негізгі міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; Министрліктің департаменттеріне әлеуметтік, сыртқы байланыстарды дамыту бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету саласында қызмет ететін шетелдік білім және ғылым мекемелерімен, мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тікелей байланыс орнату мен дамытуда қолдауға; өз құзыреті шеңберінде жоғары тұрған басшылықтың жарлықтары мен тапсырмаларын уақытылы орындауға; білімді дамыту мәселелері бойынша семинар-жиналыстар, конференциялар ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.11.2022 – 28.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61