ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, №02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-1 (Төрағаның орынбасары)

Орташа лауазымдық айлықақы

824323

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

  • міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  7. баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
  8. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  9. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  10. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше  ғылыми дәрежесінің болуы.

Функционалды міндеттер

Министрлік басшылығының, Комитет төрағасының қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша өкімдерінің, тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Төрағаның келісімі бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардағы қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша Комитеттің атынан өкілдік етеді. Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін сапалы және уақтылы қарауды бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмысты үйлестіреді. Комитеттің барлық қаржылық құжаттамасына қол қоюға құқығы бар. Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы туралы құжаттарға (орындалған жұмыстардың актілері, шарттар және т.б.) қол қояды. Комитеттің қызметін бюджеттік жоспарлау және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Бюджетті қалыптастыру процесін, бюджеттік өтінімдерді жасауды, сондай-ақ бюджет қаражатын уақтылы және толық игеруді бақылайды. Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы құжаттарға қол қояды. Іссапарларды дайындау, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және Комитет қызметкерлеріне сыйлықақы беру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және келісуді, сондай-ақ жетекшілік ететін бағыттар бойынша Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кәсіпкерлік және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмысты бақылайды. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары. Бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша заңдық сүйемелдеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік атынан сот процестеріне қатысады. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімін және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру кестесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді және жұмысты үйлестіреді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ұйғарым, қаулы шығарады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органына береді, сот процестеріне қатысады. Тексеруді тағайындау туралы актілерге, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актілерге, хабарламаларға қол қояды. Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының орындалуын жоспарлау және мониторингілеу жөніндегі жұмысты қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша (ҚР білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы, Министрліктің даму жоспары және т. б.), оның ішінде жобалық басқаруды іске асыру шеңберінде үйлестіреді, сондай-ақ Комитет құзыреті шегінде бағдарламалық құжаттардың, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының, бақылау құжаттарының, қызметкерлердің азаматтардың өтініштерін орындауын бақылауды жүзеге асырады. Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға міндетті. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың (Ақпараттық қауіпсіздік саясаты; коммерциялық құпияны, қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелер; Мобильді құрылғылар мен ақпарат жеткізгіштерді пайдалану; Интернет пен электрондық поштаны пайдалану және т.б.) талаптарын сақтауға міндетті. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу ережелерін бұзу туралы хабарлауға міндетті. Комитеттің, төрағаның құзыреті шегінде Министрдің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру мәселелерін үйлестіреді, сондай-ақ қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша «Ашық деректер» порталында статистикалық ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке қабылдауды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлемдік тәжірибе мен үздік тәжірибелерді енгізуді зерделейді, жинақтайды және ұйымдастырады. Ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасарын алмастырады. Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрдің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2022 – 30.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61