ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыруға; Департаменттің жұмыс жоспарларында белгіленген тапсырмалардың, сондай-ақ Басқарма құзыреті бойынша Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; Басқарма жұмысын талдау, кадрларды пайдалану тиімділігін және кәсібилігін арттыру, оңтайландыру бойынша шаралар әзірлеуге; Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және дамудың басым бағыттарын айқындау жөнінде министрлік басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізуге; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын: оны іске асыру жөніндегі ұлттық жоба мен жоспар-кестені, саланы дамыту тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарларды, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын әзірлеуге жұмысты ұйымдастыруға және қатысуға; ұлттық жоба көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне және саланы дамыту Тұжырымдамасына, Министрліктің даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде ғылым және жоғары білім министрлігінің негізгі басымдықтары мен түйінді индикаторларын әзірлеуді және келісуді, Министрліктің құзыретіне жатқызылған салалардың стратегиялық құжаттарына негізгі ережелерді декомпозициялауды жүзеге асыруға; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын: саланы/саланы дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды және т. б. әзірлеуге және келісуге қатысуға; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының жобасына, Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарына ұсыныстар әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу және ұйымдастыру, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша Президент хаттамасының жобасын әзірлеуге қатысуға; өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларын әзірлеу және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен пысықтау жөніндегі жұмысты үйлестіруге; ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің жұмысы шеңберінде реформаларды әзірлеу, материалдарды дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу және ұйымдастыруға; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының алдағы жылға арналған негізгі нысаналы индикаторлары бойынша ұсыныстар әзірлеу және олардың даму жоспарларын қарау жөніндегі жұмысты үйлестіруге; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына материалдар дайындауға; Басқарманың құзыреті шегінде жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдардың, Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмалары бойынша қажетті ақпараттық, талдамалық, презентациялық материалдар, баяндамалар жобаларын дайындауға; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысуға; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, Министрліктің аумақтық органдарымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, халықаралық ұйымдармен, ведомстволық бағынысты, үкіметтік емес ұйымдармен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға; Министрліктің жобалау қызметіне қатысуға; басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуы мен орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауға мінтетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2022 – 23.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61