ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
611721
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Департаменттің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру; міндеттерді бөлуге сәйкес Департаментке оның Ережесімен жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, өзіне тапсырылған жұмыс учаскесіне басшылық жасау, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; Министрлік басшылығына Департаменттің жұмысын жетілдіру және оны материалдық құралдармен және кадр резервімен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу; Басшылықтың тапсырмаларын орындау үшін қызметкерлерді іссапарға жіберу жөнінде ұсыныстар енгізу; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Департаментті, сондай-ақ Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша министрлікті орталық мемлекеттік органдарда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда ұсыну; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтік құжаттамаға қол қою және бұрыштама қою; ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыретіне жатқызылған салаларда бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша өз құзыреті шегінде жұмысқа қатысу және үйлестіру; саланы/саланы дамыту тұжырымдамасын, оны іске асыру жөніндегі ұлттық жоба мен жоспар-кестені, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген көрсеткіштердің мәндерін есептеу әдістемесін әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысу және ұйымдастыру; оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; дамудың негізгі бағыттары бойынша талдамалық баяндамалар; Жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдардың, Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық, талдамалық, презентациялық материалдар, баяндамалар дайындауға қатысу; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын: ҚР Ұлттық даму жоспарын, Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарларды, ұлттық жобаларды, басқа мемлекеттік органдардың салаларын/саласын дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша жұмысқа қатысу және ұйымдастыру; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша елдің аумақтық даму жоспарын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын келісу бойынша жұмысты ұйымдастыру; ғылымның, тіл саясатының және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы ақпараттық-талдамалық және статистикалық материалдарды; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және жалпыұлттық жоспарларды, саланы/саланы дамыту тұжырымдамасын, ұлттық жобаны және оны іске асыру жөніндегі жоспар-кестені, жоспарды іске асыру нәтижелері бойынша есепті ақпаратты дайындауға қатысу және жұмысты ұйымдастыру Министрліктің операциялық жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын; Министрдің ел халқы алдындағы есебіне қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу және ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жарлықтардың, қаулылар мен өкімдердің, шешімдердің, әдістемелік және нұсқаулық хаттардың жобаларын стратегиялық даму басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан сараптау; Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру; департамент директоры болмаған кезеңде директордың міндеттерін орындау; Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуы мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61