ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаментінің Қаржыландыру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Жұмысты қолданыстағы Департамент туралы Ережеге және Департаменттің, Басқарманың басшылығы қойған басымдылықтарға сәйкес ұйымдастыруға; бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер бөлінісінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Министрліктің қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) қалыптастыру және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ қажеттілігіне қарай Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Департаменттің, ведомстволардың және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес бекітілген қаржы жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге; Министрліктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын қаржыландыру жоспарына сәйкестігін келісуге; бюджеттік бағдарламалардың, кіші бағдарламалардың, ерекшеліктердің және сомалардың қаржыландыру жоспарына сәйкестігіне шарттарды келісуге; орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілерін келісуге; Министрдің, министрлік аппараты басшысының қатысуымен өтетін аппараттық кеңеске ұсыну үшін апта сайынғы жедел есептілікті, міндеттемелер мен төлемдер бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы анықтамаларды жасауға (дайындауға); бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсына отырып, е-Қаржымині АЖ-де министрліктің бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы, жылдық есепті (міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп) қалыптастыруға; Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жылдық талдамалық есепті қалыптастыруға; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.11.2022 – 18.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61