ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
357266
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Тарифтік ставкаларды және бағалауды, лауазымдық айлық, үстемақы, қосымша төлем және еңбек ақыға коэффициентті қолданумен сәйкес штаттық кестені жасауға; жалақы, демалыс ақысын, сыйақы, материалдық көмек, денсаулығына байланысты жәрдемақы және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлемдерін уақтылы және сапалы есептеу және төлеу бойынша есептеулерді жүргізуге; әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды, жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға және аударуға; Министрлікке есеп беретін тұлғалармен жұмыс істеуге, іс-сапар шығыстары бойынша есеп жүргізуді және аванстық есеп құрауды қамтамасыз етуге; еңбек бойынша салықтық және статистикалық есептіліктікті дайындауға; мемлекеттік сатып алу порталында және қағаз жеткізгіштерде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерін келісу; бухгалтерлік есепте жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемориалдық ордерлерді ресімдеуге; дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша белгіленген уақытта және белгіленген мекен-жайға жиынтық есептілікті құрауға және тапсыруға қатысуға; белгіленген мекен-жайларға және мерзімдерде шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілікті (жарты жылдық, жылдық) құрауға және тапсыруға қатысуға; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетімен өзара әрекет жасауға; Қазынашылық Департаментінің құжаттарымен ақшалай қаражаттардың қозғалысын қадағалауға (1-с базасы және қазынашылық клиент); ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен жұмыс істеу; өз құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61