ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, №02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

504960

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыруға; Өзі жетекшілік ететін басқармалардың жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға;  ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелердің жарты жылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептіліктерін қабылдауға;  Министрліктің орталық аппараты бойынша жартыжылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті құрауға; шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілікті құрастырып, белгіленген мекен-жайларға және мерзімдерде  тапсыруға;  Мемлекеттік сатып алу порталында және қағаз жеткізгіштерде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерін келісу; ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелердің тоқсандық дебиторлық және кредиторлық есептіліктерін қабылдауға;  шоғырландырылған тоқсандық дебиторлық және кредиторлық есептілікті құрастырып, белгіленген мекен-жайларға, белгіленген мерзімдерде  тапсыруға; есептілікті белгіленген мекен-жайға және мерзімінде тапсыруды шоғырландыруға; жалақыны, демалыс ақысын, сыйлықақы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды және демалысқа сауықтыру үшін жәрдемақыларды; әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және сапалы есептеу және аудару; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару, кейіннен еңбек бойынша салық және статистикалық есептілікті табыс ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға; Министрліктің балансындағы негізгі құралдардың есебін, қозғалысы мен есептен шығару жұмыстарын шоғырландыруға; орталық аппарат бойынша дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысудың есебін жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және ҚР ҚМ  Қазынашылық комитетімен іс-қимыл жасауға; Басқарманың іс-қағаздары жүргізілуінің  ұйымдастырылуын және басқарма қызметкерлерінің арасында өзара алмасушылықты  үйлестіруге; Басшылық тапсырмаларын, жұмыс кестесін, іс-қимыл жоспарын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; өз құзыреті шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.11.2022 – 18.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61