ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы.
Функционалды міндеттер
Келесі сұрақтар бойынша жалпы басшылық жұмыстарын атқарады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; заңнамаға өзгерістер енгізу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құжаттарды дайындау, оларды баспаға шығуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әзірлеу және үйлестіруге міндетті; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың мемлекеттік үлгідегі нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту; Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу; маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтардың жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату қағидаларын әзірлеу; білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорлары үшін шет елдерге іссапарларға рұқсаттар беру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедралардың қызметін үйлестіру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорларының ата және өңірлік кеңестерінің жұмысын үйлестіру, олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының статистикалық көрсеткіштерін жинау және өңдеу, сондай-ақ білім алушылар контингентінің қозғалысын, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша сүйемелдеу; З-НК және 1-НК жоғары оқу орындарының мемлекеттік статистика көрсеткіштерін жинау, талдау мен өңдеу; наградаларға ұсыну үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ОПҚ және қызметкерлерінің тізімдерін қалыптастыру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорларының есептерін кезінде анықтамалық материалдар дайындау; жоғары және жоғары оқу орындарының кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін, соның ішінде ауылдық квотаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа орналастыру мониторингі; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу мониторингі; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу; стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу; мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлеу; қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру қағидаларын әзірлеу және осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау; мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедек адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібін әзірлеу; атаулы стипендияларды тағайындау тәртібі туралы ережені бекіту және студенттерге, магистранттарға және докторанттарға мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау жөніндегі мәселелерді қарау; жоғары оқу орындарының студенттердің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және Республикалық олимпиада жүргізуінің қорытындыларын; жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ академиялық адалдық мәселелерін үйлестіру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында халықаралық және республикалық қоғамдық-маңызды іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; студенттер арасында волонтерлікті дамытуды үйлестіру; жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру; Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жастардың құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіру; студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметіне мониторинг жүргізу (жастар ісі жөніндегі комитеттер, студенттік парламенттер және т. б.); жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын және жаппай студенттік спортты дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Комитет жүзеге асыратын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеу және осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, үкімет құжаттарын, Министрліктің бұйрықтары мен шешімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құжаттарды жетілдіру; Министрліктің алқа мәжілістеріне, ҚР Үкімет мәжілістеріне және де басқа іс-шараларда Комитет құзыреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша баяндамалар, талдамалық материалдар және анықтамалар дайындау; құзыреттілігі шегінде жоғары оқу орындарына нұсқаулық хаттарды әзірлеу; стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру. Комитет құзыреті шегінде азаматтарды қабылдау, Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақытылы және толық қарауды ұйымдастыру,олар бойынша шешімдер қабылдау және Республика заңнамасында белгіленген мерзімде жауаптарды жолдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61