ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
824323
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы.
Функционалды міндеттер
Келесі сұрақтар бойынша жалпы басшылық жұмыстарын атқарады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдайтын нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру; білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру; Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу; оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының философия докторларын (PhD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу; қатысушы банк пен оператор немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы Үлгілік келісімді әзірлеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізуді үйлестіру; Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын әзірлеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру бөлігінде білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; докторантураға қабылдай емтиханын ұйымдастыру және өткізу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына тестілеуді ұйымдастыру және өткізу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бакалавриат – магистратура – докторантура) талапкерлерді және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізіндегі дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру; ақылы негіздегі білім алушыларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын әзірлеу; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жобалар мен инновацияларды ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру; ведомстволық бағынысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау рәсімін үйлестіру; ғылыми-инновациялық және әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жобалар мен инновацияларды ілгерілету бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына консультациялық қолдау көрсету; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жобалар мен инновацияларды ілгерілету үшін бизнес-қоғамдастықты тарту жөніндегі жұмысын үйлестіру; Ұлттық экономика және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері іске асыратын инвестициялар тарту жөніндегі жобаларды қосу жөніндегі мәселені үйлестіру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы эндаумент-қорлардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмысты үйлестіру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің бағыттары бойынша жобалық кеңселерін құру; жобаларды ілгерілетудің халықаралық тәжірибесін қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ инновациялық сипаттағы халықаралық жобаларға қатысу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, инновациялық кластерлерді құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмысты үйлестіру; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің құрамы және корпоративтік хатшылары бойынша ұсыныстар енгізу; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ректор тағайындау бойынша Республикалық комиссия жұмысын ұйымдастыру; Министрліктің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде стратегиялық-бағдарламалық құжаттар, операциялық жоспардың және жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын әзірлеу, үйлестіру және іске асыру, мониторингілеу; кадрларды қайта даярлауды және педагогикалық кадрлар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшы құрамының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; ЮНЕСКО халықаралық статистикасының статистикалық есептілік жинақтарын жыл сайын толтыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ҰБДҚ АЖ жұмысын үйлестіру; Комитет жүзеге асыратын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеу және осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, үкімет құжаттарын, Министрліктің бұйрықтары мен шешімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құжаттарды жетілдіру; Министрліктің алқа мәжілістеріне, ҚР Үкімет мәжілістеріне және де басқа іс-шараларда Комитет құзыреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша баяндамалар, талдамалық материалдар және анықтамалар дайындау; құзыреттілігі шегінде жоғары оқу орындарына нұсқаулық хаттарды әзірлеу; стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру. Комитет құзыреті шегінде азаматтарды қабылдау, Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақытылы және толық қарауды ұйымдастыру,олар бойынша шешімдер қабылдау және Республика заңнамасында белгіленген мерзімде жауаптарды жолдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61