ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаментінің директоры

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-1 (Департамент директоры)

Орташа лауазымдық айлықақы

824323

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

  • міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  7. баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
  8. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  9. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  10. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Департамент қызметіне басшылықты жүзеге асыруға; Министрдің бұйрығына сәйкес қаржылық құжаттарға екінші қол қоюға құқығы бар; өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін, Департамент басшылығының өзара алмастыру тәртібін айқындауға; Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындауға; қаржыландыру, бухгалтерлік есеп бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының үйлестірілген қызметін қамтамасыз етуге; төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларының уақтылы жасалуын бақылауды қамтамасыз ету; жалақыны, демалыс ақысын, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды және демалысқа сауықтыру үшін жәрдемақыларды; әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақытылы аудару; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару, кейіннен еңбек бойынша салық және статистикалық есептілікті ұсыну бойынша  жұмыстарды бақылауға; шарттарды, атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін, тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін келісуге; өнім берушілермен (қызмет, жұмыс, тауар) жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылығының аймақтық органында тіркелуі жөніндегі жұмысты бақылауға; бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар және ерекшеліктер бөлінісінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Министрліктің қаржыландыру жоспарларын (бұдан әрі-жоспар) қалыптастыру және бекіту бойынша жұмысты бақылау – сондай-ақ қажеттілігіне қарай Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Департаменттің, Министрліктің ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында өнім берушілермен (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстар мен тауарларды) азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа бекітілген қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу; республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін жасау және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру; Министрлік бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну; Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және қол қою жөніндегі жұмысты үйлестіру; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды келісуге қатысу; жылдық талдамалық есеп жасау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу, жатақханаларда орын беру жөніндегі қызметті үйлестіру; Министрліктің инвестициялық саясатын іске асыру, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша қызметті үйлестіру; Қазақстан Республикасының Парламентінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін қорғауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.10.2022 – 19.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-20-71