ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаментінің Талдау, мониторинг және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Филология
- Саясаттану
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Журналистика, қоғаммен байланыс
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, мүмкіндігінше шет тілін білуі
Функционалды міндеттер
Департамент туралы қолданыстағы ережеге сәйкес жұмысты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) және журналистер пулымен тұрақты жұмыс байланыстарын жүзеге асыру және қолдау; Министрліктің қызметін ақпараттық ілгерілету жөніндегі ағымдағы медиа-жоспарларды уақтылы орындау; ақпаратты неғұрлым толық және кең тарату үшін толық және объективті мәліметтер, ақпараттық-анықтамалық материалдар алуға БАҚ-қа жәрдемдесу; Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпаратты ақпараттық сүйемелдеуді және таратуды қамтамасыз ету; БАҚ-та және интернет-ресурстарда орналастыру үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының талдамалық ақпаратын жинауды жүзеге асыру; Министрліктің қызметі туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланымдарға талдау және мониторинг жүргізу; баспасөз конференцияларын, баспасөз турлары, брифингтер, сұхбаттар және Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің БАҚ-пен басқа да кездесулерін ұйымдастыру; журналистер мен БАҚ өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуді жүргізуді қамтамасыз ету; Министрліктің ақпараттық саясатын іске асыру мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен ішкі коммуникацияларды жүзеге асыру; БАҚ-тың сұрауларына және азаматтардың өтініштеріне уақтылы және сапалы жауап беру; Министрліктің веб-сайтының жаңалықтар блогын күн сайын толтыруды қамтамасыз ету; Министрліктің әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, Telegram және т.б.) аккаунттарына ақпаратты жедел орналастыру; өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау; петицияның сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің, Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтарының жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету; БАҚ үшін талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындауға қатысу; ақпараттандыру үшін шетелдік іссапарларға қатысу; бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстарды жүзеге асыру және қолдау; бұқаралық ақпарат құралдарының қажеттіліктері жөнінде әлеуметтанулық ақпараттандыруды жүзеге асыру; әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу және БАҚ-та әлеуметтанулық деректерді ұсыну; шетелдік халықаралық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жүргізу; Министрліктің ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық және шетелдік оқиғаларды көрсету; Министрдің баспасөз конференцияларын, сұхбаттарын, брифингтерін ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне жататын бағыттар бойынша талдамалық, ақпараттық және статистикалық материалдарды дайындауға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, құпия құжаттармен танысу және олармен жұмыс істеуге; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33