ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаментінің Талдау, мониторинг және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
476435
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Филология
- Саясаттану
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Журналистика, қоғаммен байланыс
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу,
мүмкіндігінше шет тілін білуі
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; Департамент туралы қолданыстағы ережеге сәйкес және Департамент басшылығы қойған басымдықтар бойынша жұмысты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) және журналистер пулымен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпаратты ақпараттық сүйемелдеуді және таратуды қамтамасыз ету; спикерлерді, сарапшыларды, толық және объективті мәліметтерді, ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынуда БАҚ-қа жәрдем көрсету; Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің БАҚ-пен баспасөз конференцияларын, баспасөз турларын, брифингтерін, сұхбаттарын және басқа да кездесулерін ұйымдастыру; БАҚ-та және интернет-ресурстарда орналастыру үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының талдамалық ақпаратын жинауды жүзеге асыру; сұхбаттарды, мақалаларды, ақпараттық материалдарды, баспасөз материалдарын дайындау және орналастыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру; Министрліктің қызметі туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланымдарға талдау және мониторинг жүргізу; Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерді қарауға және әзірлеуге қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық ерекшелікті әзірлеуді жүзеге асыру, өнім берушілердің шарттардың орындалуы туралы есепті ақпарат беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де органдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздары мен өтініштерін сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз ету; дағдарысқа қарсы жағдайларды шешу бойынша ұсыныстар енгізу; Министрліктің веб-сайтының жаңалықтар блогын толтыруды қамтамасыз ету; өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау; Департаменттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің, Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтарының жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету; БАҚ үшін талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындауға қатысу; ақпараттандыру үшін шетелдік іссапарларға қатысу; бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстарды жүзеге асыру және қолдау; бұқаралық ақпарат құралдарының қажеттіліктері жөнінде әлеуметтанулық ақпараттандыруды жүзеге асыру; әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу және БАҚ-та әлеуметтанулық деректерді ұсыну; шетелдік халықаралық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жүргізу; Министрліктің ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық және шетелдік оқиғаларды көрсету; министрдің баспасөз конференцияларын, сұхбаттарын, брифингтерін ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне жататын бағыттар бойынша талдамалық, ақпараттық және статистикалық материалдарды дайындауға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, құпия құжаттармен танысу және олармен жұмыс істеуге; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33