ҚР ҒЖБМ Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы (ДВА-4)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет.

Функционалды міндеттер

Ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерді басқару жүйесі
негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды
жүзеге асыру; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық
жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды
дамыту бағдарламалардың мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін,
оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса
бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдауды жүзеге асырады;
жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларына
жүйелі талдау жүргізу, бюджетті атқару, мемлекет активтерін және
квазимемлекеттік сектор субъектілерін пайдалану процесінде анықталған
бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарын қорыту және
зерттеу; тәуекелдер критерийлерін өзектендіру, мемлекеттік аудит
объектілерінің тізбесін және Ішкі аудит департаментінің жұмыс жоспарын
әзірлеуді, орындауды және орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер
мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жолдау;
тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға арналған мемлекеттік
аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит
объектілерінен алынатын ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық тізбесін
қалыптастыру; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының,
оның ішінде Ішкі аудит департаментінің, ұйғарымдар мен шешімдерді
міндетті түрде орындау үшін жіберілген ұсынымдардың орындалуы
мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру; ҚР Ғылым және жоғары білім
министрлігінің, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті
органның басшысының алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы
есепті дайындауға қатысу, бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және
жолын кесу жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын уақтылы және толық
көлемде орындау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын
қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, құпия
құжаттармен танысуға және олармен жұмыс жүргізуге; Қазақстан
Республикасы заңнама актілерінде, сонымен қатар мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау саласында, Министрліктің нормативтік және құқықтық
актілерде, Ішкі аудит департамент туралы ережесінде қарастырылған өзге де
міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2026 – 03.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33