ҚР ҒЖБМ Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы (ДВА-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

305232

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып сәйкестік және тиімділік аудитін, сондай-ақ электрондық аудит жүргізуге; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржылық есептілік аудитіне қатысуға; Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерінің және шарттардың талаптарын орындаудың сәйкестігіне аудит жүргізуге; тауар-материалдық қорлар мен өзге де активтердің сақталуына тексеру жүргізуге; республикалық активтер мен мүліктің сақталуын тексеруді жүргізуге; ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдауға; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысына ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті дайындауға қатысуға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай дерекқорға орналастыруға; заңды тұлғалардың және/немесе мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға жіберуге; тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілеріне алынатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысуға; мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық тізбесін қалыптастыруға қатысуға; басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу, бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын уақтылы және толық көлемде орындау; ҚР заңнама актілерінде, сонымен қатар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында, Министрліктің нормативтік және құқықтық актілерде, Басқарманың ережесінде қарастырылған өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2026 – 03.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мәңгілік Ел 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33