ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Жасанды интеллект жөніндегі жобалар басқармасының бас сарапшысы (УППИИ-2)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
354069
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және ғылым мен жоғары білім саласындағы жасанды интеллектті дамытудың басым бағыттарын айқындау; ғылым және жоғары білім саласындағы жасанды интеллектті дамыту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; жасанды интеллект ғылым және жоғары білім жобалары саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіру; министрлік өткізетін алқала отырыстарын, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізу бойынша материалдар әзірлеу; жасанды интеллект саласындағы жобаларды әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; жасанды интеллектке қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының суперкомпьютерлерін енгізу және пайдалануға беру жөніндегі жұмысты үйлестіру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және ғылыми-зерттеу институттарында жасанды интеллект жөніндегі жобаларды енгізу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және оларға мониторинг жүргізу; жасанды интеллект саласындағы жобаларды әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ғылыми және білім беру салаларында жасанды интеллект технологияларын дамыту және қолдану бойынша статистикалық ақпаратты жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асыру; жасанды интеллект бойынша жобаларды әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде ғылым және жоғары білім беру жүйесінде оларды іске асырудың ұсынымдарын, стандарттары мен тәсілдерін әзірлеуді қамтамасыз ету; министрліктің стратегиялық құжаттарында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды, оның ішінде Департаменттің құзыреті шегінде жалпыұлттық жоспарды қабылдау үшін негіз болатын есептер мен өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асыру; департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33