ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті Білім алушылардың мемлекеттік тапсырысын және контингентін қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану
  • Мемлекеттік аудит
  • Журналистика, қоғаммен байланыс

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекетік білім тапсырысын қалыптастыру мен бөлу ережелерін әзірлеу, келісу мен бекітуге ұсыну; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру ережелерін әзірлеу, келісу және бекітуге ұсыну; еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің күтілімдеріне сәйкес, кадрлар дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыруды қамтамасыз ету; мамандықтар мен жоғары оқу орындары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды (магистаратура, докторантура) дайындауға мемлекеттік білім тапсырысының бөлінуін қамтамасыз ету; жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруды ұйымдастыру; нарықтық реттей отырып, магистратура мен докторантураға қабылдау механизмін жетілдіру (оның ішінде докторантура үшін кемінде 1 жыл практикалық жұмыс өтілінің, IELTS, TOEFL, DELF, DALF, TestDaF, DSD IІ сертификаттарының болуы, үміткерге жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігін ұсыну); базалық жоғары оқу орындарында магистрлар мен PhD докторларын мақсатты дайындау механизмін әзірлеу мен жетілдіруді қамтамасыз ету; «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызметінің стандартын әзірлеу; білім бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындысы бойынша мониторинг өткізуге қатысу; басқармалар қызметінің бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде қатысу; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Операциялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспарын және негізгі іс-шараларының желілік кестесін, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмаларын орындау мониторингін өткізу; Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдау; Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз ету; Комитеттің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Министрлік басшылығы үшін Министрлік алқасының отырыстарына, ҚР Үкіметінің отырыстарына және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша гбасқа іс-шараларға есептер, талдау материалдарын және анықтамалықтар дайындау; жоғары оқу орындарында білім беру қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндіретін нұсқама хаттарды әзірлеу. басқарманың қызмет бағыттары бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге арналған техникалық спецификацияларды дайындау мен уақтылы ұсыну; Комитеттің құзыреті шегінде азаматтарды қабылдау, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешім қаблыдау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауаптар жолдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде, жауаптардың мерзімі мен ұсыну тілі бойынша заңда белгіленген талаптарды сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2026 – 01.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мәңгілік Ел 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33