ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Білім алушыларды әлеуметтендіру және идеологиялық жұмыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде-30.06.2028 ж.; сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану
  • Журналистика, қоғаммен байланыс

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Комитет, басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген тапсырмаларды және Комитет пен басқарма басшысының тапсырмасын уақытында және сапалы орындауға; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында, оның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларды жоспарлау үшін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды әзірлеуге; еліміздің бәсекелестікке қабілетті көрсеткіштері бойынша талдау материалдарын жасауға (ақпараттық анықтамалықтар, статистикалық жинақтар, ақпараттық бюллетеньдер); Министрліктің алқа отырысы Министрліктің басшыларына, ҚР Үкіметінің отырысына және Комитеттің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша басқа да іс-шараларға талдау материалдары мен анықтамаларды, есептерді дайындауға; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында салауатты өмір салтын, репродуктивті денсаулықты және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру жөніндегі қызметті үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының академиялық адалдық Лигасы қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студент жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студент жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның, құмар ойындарға қатысудың және тәуелді мінез-құлықтың өзге де түрлерінің алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіруге; психологиялық қызметтердің қызметін үйлестіруге және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында деструктивті мінез-құлықтың профилактикасына жәрдемдесуге; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау кезінде жауаптар ұсынудың мерзімі мен тілі бойынша заңнамада белгіленген талаптарды сақтауғаға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтау бойынша құпия құжаттармен танысуға және орындауға; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Комитет, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2026 – 01.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мәңгілік Ел 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33