ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру басқармасы басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

476435

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану
  • Журналистика, қоғаммен байланыс

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруге; жоғары білім беруді интернационалдандыру бөлігінде Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жұмысын үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беруді интернационалдандыру, шетелдік топ-менеджерлер мен ғалымдарды, шетелдік студенттерді тартуға, білім алушылардың, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы жөніндегі жұмысын үйлестіруге; академиялық ұтқырлық шеңберінде оқыту үшін жолдама тәртібін әзірлеуді үйлестіруге; Қазақстанның Еуропа, ТМД, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері және АҚШ өткізетін іс-шараларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша ЭЫДҰ ұсынымдарының бөлімін іске асыруды үйлестіруге; шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту және тұрақты форумдар мен халықаралық конференциялар өткізуге, оның ішінде қазақстандық университеттердің шетелде жоғары білім көрмелерін өткізуге, шетелде «ҚР Білім беру күндерін» өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының халықаралық және Ұлттық рейтингтердегі, сондай-ақ шетелдік университеттермен және ұйымдармен жұмысын үйлестіруге; Қазақстанда шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелде қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіруге; қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және қос дипломды білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жобаны үйлестіруге; үш тілде білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіруге; Қазақстанның Еуропа Кеңесі, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы өткізетін іс-шараларға және Болон параметрлерін іске асыру жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға; Болон процесінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Қазақстанда Болон декларациясының қағидаттарын имплементациялау мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысын үйлестіруге; Дүниежүзілік Банктің жобаларын іске асыру бойынша ЖОО-лардың, консультанттардың жұмысын үйлестіруге; өтініштерді және өтініш берушілер көтерген жүйелік проблемалар бойынша талдау жұмыстарын жүргізуге; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау бойынша құпия құжаттармен танысу және орындауға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2026 – 01.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мәңгілік Ел 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33