ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Білім алушыларды әлеуметтендіру және идеологиялық жұмыс басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
476435
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Білім (химия)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: биология
- Білім: география
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Тарих-Дінтану
- Журналистика, қоғаммен байланыс
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
Келесі сұрақтар бойынша жалпы басшылық жұмыстарын үйлестіруге: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттер арасында волонтерлікті дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруге; студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметінің мониторингін жүзеге
асыруға (жастар ісі комитеттері, студенттік парламенттер және т.б Министрлік жанындағы Республикалық студенттік кеңестің қызметін үйлестіру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы пікірсайыс қозғалысының қызметін үйлестіруге; Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыруға қатысуға; Қазақстанда отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесуге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, азаматтылықты, патриотизмді және жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар мен «Толық адам» қағидаттары негізінде мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қоғамдық
келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту жөніндегі қызметін үйлестіруге; Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті бағыттарды іске асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасының діни саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға
қатысуға; Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стратегиясын іске асыруға қатысуға; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі қызметті үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында салауатты өмір салтын, репродуктивті денсаулықты
және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру жөніндегі қызметті үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының академиялық адалдық Лигасы қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студент жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті және заңға бағынушылық мінез-құлықты
қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруге; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студент жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның, құмар ойындарға қатысудың және тәуелді мінез-құлықтың өзге де түрлерінің алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіруге; психологиялық қызметтердің қызметін үйлестіру және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында деструктивті мінез-құлықтың профилактикасына жәрдемдесуге; бұқаралық студенттік спортты дамыту бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруге; өтініштерді және өтініш берушілер көтерген жүйелік проблемалар бойынша талдау жұмыстарын жүргізуге; басты мақсаттарды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; Қазақстан Республиксының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтау бойынша құпия құжаттармен танысуға және орындауға; Басқарманың, Комитеттің, Министрліктің басшылығын құзіретіне жататын сұрақтар бойынша басқа да тапсырмаларды орындауға міндетті
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мәңгілік ел 8
-
74-24-33