ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтері департаменті Цифрлық трансформациялау басқармасының басшысы (УЦТ-1)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
476735
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Информатика, есептеу техникасы және басқару
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Ғылым мен жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және цифрландыруды дамытудың басым бағыттарын айқындауға; салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға, басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; ғылым және жоғары білім беру жүйесін цифрландыру бойынша ұйымдастырушылық және техникалық жұмыстарды қамтамасыз ету; ғылым және жоғары білім беру саласын цифрландыруда халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету; министрлік өткізетін алқа отырыстары, семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар материалдарын әзірлеу; бюджеттік өтінімді, цифрландыру жөніндегі жаңа бастамалар мен жобаларды қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізуге; министрліктің «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау, Министрліктің ақпараттық жүйелерінің, қызметінің және деректерінің архитектурасын қалыптастыру жөніндегі жұмысын үйлестіруге; Министрліктің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін, құрылымдық бөлімшелер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасуын қамтамасыз етуге; ғылым мен жоғары білім беру жүйесіндегі цифрландыру, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және цифрландыру қызметтерін сатып алу мәселелері бойынша техникалық ерекшеліктер мен талаптарды келісуге; мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуға, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге; министрліктің барлық ақпараттық жүйелеріндегі деректерді өзектендіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға; департамент пен Министрліктің ақпараттық және талдамалық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарт негізінде қажетті жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау, пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге; цифрландыруға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға; Министрлік қызметінің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдіснамаларын бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге; министрліктің барлық ақпараттық жүйелеріндегі деректерді өзектендіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге; департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ақпараттандыру бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдауға негіз болатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және оларға қол қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру процесін сүйемелдеуге; басқарма қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуге; өтініштерге талдау жүргізуге және өтініш беруші көтеретін жүйелі проблемаларды анықтауға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын сақтай отырып, құпия құжаттармен танысу және жұмыс істеу; өз құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33