ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (УБП-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, «Е- Минфин» АЖ-де, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент, «Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу

Функционалды міндеттер

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын қалыптастыру бойынша жоспарлау мен дайындық жұмыстарын жүзеге асыру және тиісті қаржы жылына нақтылау/түзету жұмыстарын жүргізу және оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарылатын бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша келісуге; ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынылған материалдарды дайындауға қатысуға; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша жоспарланған қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын қалыптастыруға; міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге;  алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінің дерекқорын, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша республикалық бюджетті нақтылауды/түзетуді, сондай-ақ міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыруды қамтамасыз етуге; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша шарттар мен орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюды жүзеге асыруға; баға прейскуранттарын, даму жоспарларын және олар бойынша есептерді қарау және бекітуге дайындауға;   басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және дайындауға қатысуға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде Комитет пен Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2026 – 20.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел,8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33