ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Стратегия және ғылыми ұйымдардың қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (УСИКДНО-7)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану
  • Журналистика, қоғаммен байланыс

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, мүмкіндігінше республикада орындалатын ғылыми және ғылыми- техникалық бағдарламалар, негізгі отандық және шетелдік ғылыми- техникалық жетістіктер туралы білімінің болуы.

Функционалды міндеттер

Ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың жарғыларын және директорлар кеңесінің құрамдарын бекіту; ғылыми ұйымдардың жұмыс жоспарларын, жыл сайынғы есептерін, оның ішінде ғылым комитетінде бірінші басшыларды тыңдау арқылы қарау; минерология, палеонтология және қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдарды экспорттауға лицензия беру (мемлекеттік қызмет); ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың басшыларына қатысты кадр жұмысы және аттестаттау, конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; ғылыми ұйымдарды басқарудың тұтас жүйесін жетілдіру жөнінде, оның ішінде оларды құру, оңтайландыру, қайта ұйымдастыру немесе тарату жөнінде ұсыныстар дайындау; ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының лауазымдық міндеттерін, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының еңбек шарттарын бекітуге дайындау, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің мемлекеттік және ведомстволық наградаларына ұсыну үшін наградалық материалдарды дайындауды жүзеге асыру; ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылары мен басшылары орынбасарларының жеке істерін қалыптастыру; ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар ұйымдастыру; ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың форумдарын, көрмелерін, семинарларын, кеңестері мен мерейтойлық іс-шараларын өткізу, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру жөнінде Комитет басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының салық декларацияларын уақтылы тапсыруын бақылауды қамтамасыз ету; ғылым мәселелеріне қатысты БАҚ үшін материалдар дайындау; салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Жоғары тұрған органдардан, мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағынысты ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін сұрау салулар, хаттар және басқа да құжаттар бойынша жауап беру үшін Басқарманың құзыретіне жатқызылған материалдарды дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2026 – 20.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел,8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33