ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (УСП-2)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

354069

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Кәсіптік оқыту
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және дамудың басым бағыттарын айқындау жөнінде Министрлік басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу; Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын әзірлеуге, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысу; Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарының көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді, енгізуді жүзеге асыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларын қарау және пысықтау; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының алдағы жылға арналған негізгі нысаналы индикаторлары бойынша ұсыныстар әзірлеуді және олардың даму жоспарларын қарауды жүзеге асыру; Басқарма құзыреті шеңберінде семинар-кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде Департамент және Министрлік бөлімшелерімен, аумақтық органдармен және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау бойынша құпия құжаттармен танысу және орындау; өз құзыреті шегінде Жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдардың, Министрлік, Департамент және Басқарма басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық, талдамалық, презентациялық материалдар, баяндамалар жобаларын дайындауды жүзеге асыру; Министрліктің жобалау қызметіне қатысу; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Басқарма, Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2026 – 20.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33