ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Қаржылық әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, «ЕМинфин» АЖ-де, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент, «Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында орындалған жұмыстар актісі негізінде шарттарды тіркеу мен қаражатты аударуды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстар туралы келісімшарттар мен актілердің жобаларына бұрыштама қоюға; қол қойылған жұмыстар мен қызметтердің орындалғаны туралы анықтамалар, сондай-ақ тауарларды қабылдау-тапсыру актілері бойынша төлем шоттарын дайындауға; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар бере отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына ай сайын мониторингті жүзеге асыруға; келісімшарттарды қалыптастыру жүйесін цифрландыруға көшу үдерісіне қатысуға; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және дайындауға қатысуға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде Комитет пен Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33