ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
«Е-Қызмет» АЖ-де, «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, МО ИРБП-да жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
Министрліктің және ведомстволардың қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салулар жіберу; ант қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; іссапарлар туралы бұйрықтар ресімдеу; мемлекеттік қызметшілердің жеке сәйкестендіру карталарын беру бойынша жұмыс жүргізу; Министрлік қызметшілерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жүргізу; жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның отырысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін тиісті материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бойынша мемлекеттік қызметшілерінің еңбек кітапшаларын, жеке істерін, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы жүргізу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін және мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйеге) мәліметтерді енгізу және жаңарту; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы жүргізу; Министрлік кадрларының құрамы мен ауысуы туралы жыл сайынғы статистикалық есепті жоғары тұрған органға уақтылы ұсыну; жетекшілік ететін бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілеріне жұмыс орнынан анықтама, қызметтік тізімдер және т. б. ұсыну; Министрліктің бірінші басшылары жұмыс күніңде қайда болатының туралы күн сайын жоғары турған мемлекеттік органдарға ақпаратты ұсыну (іссапар, еңбек демалысы т.б.); жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асыру; кадр мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33