ҚР ҒЖБМ Цифрлық және мемлекеттік қызметтер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы (уақытша бос, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде - 2028 жылғы 29 шілде)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
476435
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Информатика, есептеу техникасы және басқару
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Министрліктің, Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент басшылығы тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстардың қалыптастырылуын бақылауды жүзеге асыру; басқарма құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде оңтайландыру және автоматтандыру бөлігінде дамыту мен көрсетудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру бойынша шешімдер қабылдау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру, реинжинирингтеу және автоматтандыру бойынша талдау және ұсыныстар әзірлеу; басқарманың құзыреті шегінде білім және ғылым саласында көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру, реинжиниринг және автоматтандыру бөлігінде орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру және жүзеге асыру; білім және ғылым саласында мемлекетітк қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін, келісуін және бекітілуін бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау бойынша мониторинг жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету; орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг, ішкі бақылау жүргізуін бақылауды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде талдау анықтамаларын, жазбаларды, ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз ету; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, аумақтық білім және ғылым органдарымен және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау кезінде жауаптар ұсынудың мерзімі мен тілі бойынша заңнамада белгіленген талаптарды сақтауға; өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтерген жүйелік проблемаларды анықтау; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33