ҚР ҒЖБМ Жұмылдыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әскери іс
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
Мобилизациялық жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына, қажет болған жағдайда мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына ұсыныстар енгізеді; Министрліктің мобилизациялық жұмыс және Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді; Азаматтық қорғаныс пен Республика және Министрлік мобилизациялық жоспарын іске асыру бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен мобилизациялық жұмыс пен Азаматтық қорғаныс жоспарларын дайындау және орындау мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі; Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша оқу-жаттығу жоспарын әзірлейді; Мобилизация, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді; Төтенше жағдай жарияланған кезде Министрлік пен комитеттерді төтенше режимге көшіру бойынша іс-шараларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұйымдастыруға қатысады; Қазіргі заманғы зақымдау құралдарының, апаттардың, табиғи және экологиялық апаттардың, індеттер мен эпизоотиялардың қолданылуынан Республика халқы мен аумағын қорғауға бағытталған мемлекеттік мақсатты, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жоспарлар жобаларын әзірлеуге және Министрлікке қатысты бөлікте олардың орындалуын үйлестіруге қатысады; Министрліктің, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бойынша курстардан өтуге өтінім береді; Министрліктегі мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс жағдайы туралы есептерді әзірлейді; Мобилизациялық дайындық және мобилизация бойынша іс-шараларға қатысады; Министрлік пен комитеттердің барлық санаттағы қызметкерлеріне радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) және өзге де қорғаныс әдістері мен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер бойынша, Азаматтық қорғаныс объектілік құрылымдарында білім беру мен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді; Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, кешенді оқу-жаттығулар мен апаттық жағдайлар бойынша жаттығулар өткізу жөніндегі практикалық іс-шараларды жоспарлайды; Министрлік пен комитет қызметкерлерін және олардың отбасыларының эвакуациясын ұйымдастыру және дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; Министрлік пен комитеттердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлейді; Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін күштер мен құралдарды құру, даярлау және дайын күйде ұстауды жүзеге асырады; Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша республикалық және ведомстволық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) дайындау мен өткізуге, осы тақырып бойынша әдістемелік материалдар мен басқа да құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады; Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізудің отандық және шетелдік озық тәжірибесін анықтау, зерделеу және тарату жұмыстарын үйлестіреді; Мобилизациялық жұмыс бойынша жаңа бастамаларға байланысты бюджеттік өтінім мен техникалық сипаттамаларды әзірлейді; Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық өтінімдерді қарау, актілерге, есептерге және өзге де құжаттарға қол қою жұмыстарын басқарма құзыреті шегінде жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, құпия құжаттармен танысу және олармен жұмыс істеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33