ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық және Протокол басқармасының бас сарапшы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тұрақты негізінде іске асыруды үйлестіру және бақылау; шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама, оларға қол қою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыруға; ғылым саласындағы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама шеңберінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге; Министрліктің ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерді, Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтарын дайындауға; үкіметаралық комиссиялар, жоғары білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ жоғары білімді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер мен сараптамалық материалдарды даярлауға; жоғары білім саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту бойынша бағдарламаларды, ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу және құруға қатысуға; Австрия, Индонезия, Вьетнам, Тайланд, Малайзия, Сингапур, Индия, Пакистан, Моңғолия, Жапония, Әзірбайжан, Қырғызстан, Таджікстан, Түрікменстан, Өзбекстан бойынша негізгі міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; Министрліктің департаменттеріне әлеуметтік, сыртқы байланыстарды дамыту бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету саласында қызмет ететін шетелдік жоғары білім мекемелерімен, мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тікелей байланыс орнату мен дамытуда қолдауға; өз құзыреті шеңберінде жоғары тұрған басшылықтың жарлықтары мен тапсырмаларын уақытылы орындауға; жоғары білімді дамыту мәселелері бойынша семинар-жиналыстар, конференциялар ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33