ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Қаржылық әкімшілендіру басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, «Е-Минфин» АЖ-де, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент, «Бюджет» АЖ-де,
«Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен
компьютерде жұмыс істей білу
Функционалды міндеттер
Комитетте бухгалтерлік есеп жүргізуді, қаржылық есептілікті қалыптастыруды, салық және статистикалық есептерді ұсынуды қамтамасыз етуге; жылдық қаржыландыру жоспарын бекітуге қатысуға; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органдарында шарттарды тiркеудi, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң орындалғаны туралы қол қойылған актiлері, сондай-ақ тауарларды қабылдау-тапсыру актiлерi бойынша төлемге шот-фактураларды дайындауды қамтамасыз етуге; тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын және түгендеуін қамтамасыз етуге; ведомстваға қарасты мекемелермен мемлекеттік меншік және жекешелендіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізуге; ҰҒК бекітілген шешіміне сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға гранттық, бағдарламалық-нысаналы, іргелі және базалық қаржыландыру қаражатының жұмсалуына бақылау жүргізуге; Комитетте бухгалтерлік есептің жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуге; есептілікті уақтылы қалыптастыру және бекітуге дайындауға; ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарлары бойынша есептерін, негізгі құралдарын есептен шығару бойынша есептерін қарауға және бекітуге дайындауға; бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) көрсеткіштерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға; республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржылық негіздеме бөлігінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырылуын бақылауды қамтамасыз етуге; мемлекеттік сатып алу веб-порталында алдағы мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландырулардың, алдын ала талқылау хаттамаларының, алдын ала рұқсат беру хаттамаларының, ашық конкурс тәсілімен жасалған қорытындылар хаттамаларының, баға ұсыныстарын сұрату хаттамаларының уақтылы жариялануын бақылауды қамтамасыз етуге; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және дайындауға қатысуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; ведомствалық бағынысты ұйымдармен мемлекеттік меншік және жекешелендіру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізуге; уәкілетті органның стратегиялық және операциялық жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етуге; Басқармаға келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етуге; өтініштерге талдау жүргізу және өтініш беруші көтерген жүйелі проблемаларды анықтауға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде Комитет пен Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мәңгілік Ел, 8
-
74-24-33