ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтері департаменті Жасанды интеллект жөніндегі жобалар басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және ғылым мен жоғары білім саласындағы жасанды интеллектті дамытудың басым бағыттарын айқындау; салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жасанды интеллект мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу; жасанды интеллект ғылым және жоғары білім жобалары саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіру; министрлік өткізетін алқа отырыстары, семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар материалдарын әзірлеу; жасанды интеллектке қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының суперкомпьютерлерін енгізу және пайдалануға беру жөніндегі жұмысты үйлестіру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және ғылыми-зерттеу институттарында жасанды интеллект жөніндегі жобаларды енгізу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және оларға мониторинг жүргізу; жасанды интеллект саласындағы жобаларды әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде жасанды интеллект бойынша жобаларды іске асыруды ұйымдастыру және үйлестіру; басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ғылыми және білім беру салаларында жасанды интеллект технологияларын дамыту және қолдану бойынша статистикалық ақпаратты жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асыру; жасанды интеллект бойынша жобаларды әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде ғылым және жоғары білім беру жүйесінде оларды іске асырудың ұсынымдарын, стандарттары мен тәсілдерін әзірлеуді қамтамасыз ету; департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ақпараттандыру бағдарламаларында көзделген ай сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзгеде құжаттарды қарау және оларға қол қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру процесін сүйемелдеу; өтініштерге талдау жүргізуге және өтініш беруші көтеретін жүйелі проблемаларды анықтауға; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мәңгілік Ел, 8
-
74-24-33