ҚР ҒЖБМ Ішкі аудит басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, ішкі
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін
мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы
қажет
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылықты және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етуге; Басқарманың қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындауға; ҚР мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыруға; тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етуге; мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің құрамына қатысуға; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысына және сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органга атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есеп беруге; мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге; Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету; ҚР заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктердің бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге; қызметкерлердің құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік режимінің талаптарын сақтауын, сондай-ақ таралуы шектеулі мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстын орындалуын қамтамасыз етуге; Ішкі аудит басқарманың әрекетіне байланысты ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында енгізілуін бақылауды жүзеге асыруға; өтініштерге талдау жүргізу және өтініш беруші көтерген жүйелі проблемаларды анықтау; Басқарманың атқарушы және еңбек тәртібін сақтауын бақылауға; ҚР заңнама актілерінде, сонымен қатар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында, Министрліктің нормативтік және құқықтық актілерінде, Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33