ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік құпияларды қорғау басқарма бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әскери іс
  • Педагогика және психология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша орындаушылар үшін іс-шаралар, нұсқаулықтар мен жадынамаларды әзірлеуді ұйымдастырады; Министрлік басшылығына келіп түскен және жіберілетін құпия хат-хабарды қарауға ұсынады; Басқарманың ұзақ мерзімді және ағымдағы жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуына, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша есепті құжаттаманың жоғары тұрған органдарға тапсырылуына бақылау жасайды; Жекелеген құрылымдық бөлімшелер мен мамандарды тарта отырып, құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін және басқа да ішкі тәртіптік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Мемлекеттік құпияларды пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін бағынысты ұйымдардың арнайы сараптамасы мен басшыларын аттестаттауды үйлестіреді; Министрліктің құпия бөлмелерінде техникалық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады; Құжаттардың құпиялылық дәрежесін дұрыс анықтау мен өзгертуге, уақтылы құпияландыруға бақылау жасайды; Жеке нөмірлері бар мөрлер мен штамптарды есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібіне бақылау жасайды; Жеке нөмірлері бар құпия МНИ-ді есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібіне бақылау жасайды; Құпия мәліметтерді, құжаттарды жоғалту немесе жария ету фактілері бойынша қызметтік тергеулерге қатысады және ҚР ҰҚК-не хабарлайды; Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысын ұйымдастырады; Құжаттарды сақтау, жою, ведомстволық немесе мемлекеттік мұрағаттарға тапсыру бойынша құпия құжаттардың құндылығын сараптау жұмыстарын ұйымдастырады; Ашық баспа беттерінде, жиындарда, радио, теледидарда немесе көрмелерде жариялауға, сондай-ақ құпия материалдарды шетелге беруге арналған материалдарды қарауға қатысады; Құпия ақпаратты қорғау бөлімшелерінің қызметін әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етеді, меншік түрінің өзгеруіне, таратуына немесе құпия ақпаратпен жұмыс істеудің тоқтатылуына байланысты іс-шараларды ұйымдастырады; Құпия хат-хабарларды жіберу үшін фельдъегерлік қызметпен және «Қазпошта» АҚ-мен шарт жасасу үшін құжаттарды дайындайды; Ақпаратты қорғау техникалық құралдарын қамтамасыз ету және есепке алу, бақылау жұмыстарын жүргізеді; Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерін тексеру жоспарына сәйкес комиссия жұмысына қатысады; Техникалық арналар арқылы ақпараттың сыртқа шығуын болдырмау мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау мен мобилизациялық жұмысты ұйымдастырады, оның ішінде шифрланған байланыс кезінде; Құпия жұмыстар жүргізуге рұқсат етілген бөлімшелер мен бөлмелер тізбесін жасау жұмысын үйлестіреді; ЕТҚ объектілерін категоризациялау және сертификаттау комиссиясының жұмысына қатысады; Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша бұйрықтар әзірлейді; ЕТҚ объектілерін пайдалануға ұйымдастырушылық-техникалық талаптардың орындалуына бақылау жасайды; Мөрлер, штамптар, сондай-ақ жеке есеп нөмірлері бар металл және мастикалық мөрлердің жасалуы, есепке алынуы, сақталуы мен қолданылуына бақылау жасайды; Құпия құжаттарды көбейту тәртібінің, есепке алу, сақтау және пайдалану шарттарының сақталуын бақылайды; Ерекше кезеңде Министрліктің мемлекеттік құпияларды қорғау және мобилизациялық жұмыс бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады; Арнайы мақсаттағы деректер тарату желісінің шифрлау қызметі органының (АМД БЖШ-ҚО) жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізеді; АМД БЖШ-ҚО -ның жұмысын қамтамасыз етеді, енгізу, сүйемелдеу, қауіпсіздік пен техникалық құралдардың сақталуын үйлестіреді; АМД-де құпия іс жүргізуді дербес жүргізуді ұйымдастырады, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, техникалық байланыс құралдарының ерекшеліктерін ескере отырып, кіріс және шығыс құжаттармен жұмыс барысында құпиялылық режимін қамтамасыз етеді; Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша жаңа бастамаларға байланысты бюджеттік өтінімді әзірлейді, техникалық сипаттамаларды құрастырады; Мемлекеттік сатып алу конкурстық өтінімдерін қарау, есептерге және ай сайынғы/тоқсандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдау үшін негіз болатын құжаттарға қол қою жұмыстарын атқарады; Министрлік ғимаратында өткізу және ішкі нысандық режимді қамтамасыз ету бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; Құпия ақпараттың жария етілуі мен сыртқа шығуын болдырмау бойынша шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, құпия құжаттармен танысу және олармен жұмыс істеу; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, шетелдіктерді қабылдау кезінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу; Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.10.2025 – 03.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33