ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әскери іс
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Басқарманың жалпы басшылығын және жұмысын жоспарлауды жүзеге асыруға; құрылым мен штат саны, көтермелеу, тағайындау немесе лауазымынан босату, басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізуге; басқарманың жұмысын ұйымдастыруға және мемлекеттік құпияларды қорғау және мобилизациялық жұмыс мәселелері бойынша орындаушыларға арналған іс-шаралар, нұсқаулықтар мен жадынамалар әзірлеуге басшылық жасауға; Министрлік басшылығына келіп түскен және жіберілетін құпия хат-хабарларды қарауға ұсынуға; басқарманың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын, барлық бағыттар бойынша есептік құжаттамалардың жоғарғы органдарға тапсырылуын бақылауға; құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесін мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен мамандарды тарта отырып, сондай-ақ ведомствоішілік құпиялылық режимін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға; мемлекеттік құпияларды қамтитын жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды арнайы сараптамадан өткізу және басшыларын аттестаттауға қатысты жұмыстарды үйлестіруге;  Министрліктің режимдік кабинеттеріне құрал-саймандық тексеру ұйымдастыруға; құжаттардың уақтылы құпияландырылуын, құпиялылық дәрежесін дұрыс анықтау мен өзгертуін бақылауға; мөрлер мен штамптарды, сондай-ақ жеке нөмірлері бар металл мөрлерді есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібін бақылауға; жеке тіркеу нөмірлері бар материалдық-нарядтық идентификаторлардың (МНИ) есепке алынуы, сақталуы және пайдаланылуын бақылауға; қызметтік тергеулерге қатысуға және мемлекеттік құпия мәліметтер, құжаттардың жария болуы немесе жоғалу фактілері, сондай-ақ құпиялылық режимінің бұзылуы жөнінде ҚР ҰҚК-не хабарлауға; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысын ұйымдастыруға; құпия құжаттар, істер және өзге де құжаттық материалдардың құндылығын сараптау, сақтау және жоюға іріктеу, ведомстволық және мемлекеттік архивтерге тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға; жария басылымдарда, ашық жиналыстарда, теледидар мен радио арқылы, қорғалмаған байланыс арналары арқылы сөз сөйлеуде пайдалануға, көрмелерде көрсетілімде, сондай-ақ құпия бұйымдар мен басқа материалдарды шетелге жіберу кезінде жариялануға арналған материалдарды қарауға қатысуға; ведомстволық бағынысты ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасауға, олардың қызметін бақылауға және меншіктің нысаны өзгергенде, тарату немесе құпия мәліметтермен жұмыс тоқтатылғанда құпияларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға; фельдъегерлік қызметпен және «Қазпошта» АҚ-мен құпия хат-хабарларды жөнелтуге шарттар жасасу бойынша шаралар қабылдауға;  ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету шараларын бақылауға және оларды есепке алу мен бақылауды жүргізуге; ведомстволық бағынысты ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерін тексеру жоспарына сәйкес комиссия жұмысына қатысуға; техникалық арналар арқылы, соның ішінде шифрланған байланыс кезінде ақпараттың ағып кетуінен мемлекеттік құпияларды қорғау және мобилизациялық жұмыстар бойынша шараларды бақылауға; құпия жұмыстар жүргізуге рұқсат етілген режимдік бөлімшелер мен үй-жайлар тізбесін әзірлеу жұмысын үйлестіруге; есептеу техникасы құралдарын (ЕТҚ) категорилеу және сертификаттау комиссиясының жұмысына қатысуға; мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша бұйрықтар әзірлеуге және келісуге; ЕТҚ объектісін пайдалануға қойылатын ұйымдастырушылық-техникалық талаптар мен ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауға; мөрлерді, мөртабандарды, сондай-ақ жеке есептік нөмірлері бар металл және мастикалық мөрлерді дайындауды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды бақылауды жүзеге асыру; құпия құжаттардың көбейтілу тәртібі, олардың есепке алынуы, сақталуы және пайдаланылуының сақталуын бақылауға; «ерекше кезеңде» мемлекеттік құпияларды қорғау және мобилизациялық жұмыс бойынша Министрлік жұмысы бойынша шараларды ұйымдастыруға; Арнайы мақсаттағы деректер тарату желісінің шифрлау қызметі органының (АМД БЖШ-ҚО) жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізеді; АМД БЖШ-ҚО -ның жұмысын қамтамасыз етеді, енгізу, сүйемелдеу, қауіпсіздік пен техникалық құралдардың сақталуын үйлестіреді; АМД-де құпия іс жүргізуді дербес жүргізуді ұйымдастырады, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, техникалық байланыс құралдарының ерекшеліктерін ескере отырып, кіріс және шығыс құжаттармен жұмыс барысында құпиялылық режимін қамтамасыз етеді; мемлекеттік құпияларды қорғау және мобилизациялық жұмыс мәселелері бойынша жаңа бастамаларға байланысты бюджеттік өтінім мен техникалық сипаттамалар әзірлеуге; басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ай сайынғы және тоқсан сайынғы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау үшін негіз болатын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық өтінімдерді қарау, есептерге және өзге де құжаттарға қол қою жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; Министрлік ғимаратында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; құпия ақпараттың таралуы мен жария болуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып, құпия құжаттармен танысу және олармен жұмыс істеу; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібінің сақталуын бақылау; өтініштерге талдау жүргізу және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, шетелдіктер мен шетелдік делегацияларды қабылдау кезінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу; өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.10.2025 – 03.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33