ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу,
мүмкіндігінше шет тілін білуі
Функционалды міндеттер
Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама, оларға қол қою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыруға; жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама шеңберінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге; Министрліктің жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерді, Ғылым және білім министрінің бұйрықтарын дайындауға; үкіметаралық комиссиялар, білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ білімді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер мен сараптамалық материалдарды даярлауға; жоғары білім және ғылым саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту бойынша бағдарламаларды, ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу және құруға қатысуға; шетел мемлекеттері (Нидерланд Корольдігі, Швейцария Конфедерацияcы, Бельгия, Австрия, Ирландия, Швеция, Дания, Норвегия, Италия, Испания, Бразилия, Португалия, Германия, Франция, Финляндия, Ұлыбритания, Куба) бойынша негізгі міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; Министрліктің департаменттеріне әлеуметтік, сыртқы байланыстарды дамыту бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету саласында қызмет ететін шетелдік білім және ғылым мекемелерімен, мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тікелей байланыс орнату мен дамытуда қолдауға; өз құзыреті шеңберінде жоғары тұрған басшылықтың жарлықтары мен тапсырмаларын уақытылы орындауға; білімді дамыту мәселелері бойынша семинар-жиналыстар, конференциялар ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға; мемлекеттік қызметшінің еңбек тәртібін және этикасын сақтауға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мәңгілік Ел, 8
-
74-24-33