ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Кәсіптік оқыту
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Департамент басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу; жалпыұлттық жоспарларды, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, үкіметтік жоспарларды, сайлауалды бағдарламаларды, Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге, келісуге және бекітуге қатысу; «Корсеткіштерге қол жеткізу» блогы бойынша басшылықты бағалау индикаторлары бойынша есептерді жоспарлау және дайындау; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33