ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Персоналды бағалау және дамыту басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу, «ЕҚызмет» АЖ-де, «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, «Е-Қарлығаш» АЖ-де жұмыс істей білуі
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне сәйкес ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді ұсыну; Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамаларын ұйымдастыру; кадр мәселелері жөніндегі бағалау және өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету; «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау рәсімдерінің, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) сақталуын қамтамасыз ету; еңбек демалыстарының кестесін бекіту жөніндегі жұмысты жүргізу; демалыстар беру жөніндегі бұйрықтарды ресімдеу; медициналық орталыққа тіркеу және тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; санаторийге жолдама бойынша жұмысты ұйымдастыру; «Қарлығаш» балабақшасына кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру; «Еңбек тәртібі» модулін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) жүргізу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мониторингілеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, деректерді «Е-қызмет» ИАЖ-ға енгізу. Құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мәңгілік Ел, 8
-
74-24-33