ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасының сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкер мен оны алмастыратын бала күтіміне байланысты демалыста - 20 желтоқсан 2025 жыл)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Дефектология
- Математика
- Физика
- Информатика
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Қаржы
- Білім: биология
- Білім: география
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Қашықтықтан және онлайн оқытуды ұйымдастыру ережелерін әзірлейді; экстернат және сырттай және онлайн-оқыту нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; кәсіптік, өңірлік стандарттар мен Жаңа кәсіптер атласын келісу бойынша жұмысты үйлестіреді; ЖОО-да кәсіпкерлік білім беруді, стартап жобаларды және экожүйелерді дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді; ЖОО-да плагиатқа қарсы бағдарламаның жұмыс істеуі бойынша жұмысты үйлестіреді; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария бағыттары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz, konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мәңгілік Ел, 8
-
74-24-33