Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директорының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкер оқу демалысында - 31.12.2025 жыл)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

504 960

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары» АЖ жұмыс істей білуі.

Функционалды міндеттер

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша «Қаржы орталығы» АҚ жоба операторының жұмысын үйлестіру; студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру операторының қызметі бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қарау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру, әлеуетті инвесторлармен келісімдерге (алдын ала шарттарға) қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, бюджеттік өтінім жобасын беру үшін құжаттаманы дайындау; заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша Департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын қарау және келісу; студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін мемлекеттік сатып алу порталында қарау және келісу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.09.2024 – 07.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел,8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33