ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаменті Бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру және оны заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға; Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және мүдделі мемлекеттік органдарда келісуді және оларды одан әрі бекітуді қамтамасыз етуге; Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру және Министрліктің бюджеттік өтінімін пысықтауға қатысуға; Министрліктің ведомстволық бюджеттік комиссиясының қызметін осы алқалы орган туралы ережеге сәйкес бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге; өз құзыреті шегінде ғылым, жоғары білім беру, мемлекеттік тілді дамыту саласындағы ұлттық жобаларды Министрліктің даму жоспарын және өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысуға; бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын қарауға және келісуге қатысуға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33