ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысында - 06.11.2025 ж.)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Кәсіптік оқыту
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібінің сақталуын бақылау; мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салаларда дамудың басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу; жұмысты ұйымдастыру және МЖЖ құжаттарын әзірлеуге қатысу; МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының жобасына, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарына, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларына ұсыныстар әзірлеу және енгізу, ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырыстарына материалдар дайындау бойынша жұмыстарға қатысу және ұйымдастыру; МЖЖ құжаттарын іске асыру бойынша есептерді талдау мен дайындауды жүзеге асыру, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мәңгілік Ел, 8
-
74-24-33