ҚР ҒЖБМ Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Инфрақұрылымдық жобалар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дамуының негізгі стратегиялық құжаттарын білу.
Функционалды міндеттер
|
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру операторының қызметі бойынша орындалған жұмыстардың актісін қарау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу, сондай-ақ тиісті рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдарды, анықтамалық ақпаратты, баяндамаларды, презентациялық материалдарды дайындауға қатысу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу, әлеуетті инвесторлармен алдын ала шарттарды қарауға және келісуге қатысу; студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері бойынша орындалған жұмыстардың актілерін мемлекеттік сатып алу порталында қарау және келісу; өз құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарын, ғылымды, жоғары білім беруді және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел,8
-
74-24-33