ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дамуының негізгі стратегиялық құжаттарын білу.

«Бюджет» АЖ, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық – Клиент, «Е-Қаржы министрлігі» АЖ бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша шарттар мен орындалған жұмыстар актілеріне бұрыштама қоюды, қол қойылған шарттарды тіркеуді және жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын игеруді қамтамасыз ету үшін ҚР ҚМ аумақтық қазынашылық органдарында қол қойылған орындалған жұмыстар актілерінің негізінде қаражатты аударуды жүзеге асырады, міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі комитеттің жеке қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында қол қойылған жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламаға; құзыреті шеңберінде ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына материалдар дайындайды; міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді, құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Басқарма басшылығының, Комитеттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.09.2024 – 13.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел,8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33