ҚР ҒЖБМ Цифрлық және мемлекеттік қызметтер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Информатика, есептеу техникасы және басқару
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Функционалды міндеттер
Оңтайландыру, реинжиниринг және автоматтандыру бөлігінде Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру және іске асыру; әзірлеу рәсімдеріне мониторинг жүргізу, жоғары білім және ғылым саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысу және әзірлеу; Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі Министрліктің жұмысын үйлестіру, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша ҚР МҚІА тоқсан сайынғы есепті ұсыну; орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және ішкі бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; өз құзыреті шегінде талдамалық анықтамалар, жазбалар, ақпараттық материалдар дайындау; Департамент және Министрлік бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33