ҚР ҒЖБМ Ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы департаменті Жұмылдыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әскери іс
- Педагогика және психология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Министрліктің жұмылдыру жоспарын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру; жұмылдыру тапсырысының орындалуын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру; жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында, сондай-ақ азаматтық қорғау мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; ведомстволық бағынысты ұйымдармен оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету;жұмылдыру және азаматтық қорғау мәселелері бойынша есептер, ақпарат дайындау; және Басқарма құзыреті шеңберіндегі өзге де өкілеттіктер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33