ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 16 қазанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Әлемдік экономика

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Мүмкіндігінше шет  тілін білуі.

Функционалды міндеттер

Халықаралық шарттардың, келісімдердің, хаттамалардың, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы меморандумдардың жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жүргізу, оларға қол қою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімді жүзеге асыру; жоғары білім және ғылым саласындағы шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандумдар шеңберінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; министрліктің жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері бойынша білім және ғылым министрінің нормативтік құқықтық актілерінің, бұйрықтарының жобаларын дайындау; үкіметаралық комиссиялар, жоғары білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ жоғары білім беруді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер мен талдамалық материалдар дайындау; жоғары білім беру саласындағы, Білім және ғылым саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық жоспарлар; елдермен ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету: (Греция, Эстония, Латвия, Хорватия, Сербия, Македония, Литва, Польша, Словакия, Чехия, Румыния, Словения, Болгария, Африка)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2024 – 28.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33