ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту жіне басқару департаментінің Персоналды бағалау және дамыту басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Философия
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

«Е-Қызмет» АЖ-де,  «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, «Е-Қарлығаш» АЖ-де жұмыс істей білуі.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне сәйкес ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді ұсыну; мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі Бюджеттік өтінімді дайындау; мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;  кадр мәселелері жөніндегі бағалау және өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; «А» корпусының қызметін бағалау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және оларға материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; қызметшілерге бос лауазымдар, уақытша болмаған қызметшілер міндеттерін жүктеу, оның ішінде қосымша ақылар белгілей отырып; тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) жүргізу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мониторингілеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, деректерді «Е-қызмет» ИАЖ-ға енгізу. құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2024 – 28.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33