ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасының бас сарапшысы № 08-01-02
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
|
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу. Е-Минфин» АЖ-де, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу. |
Функционалды міндеттер
Министрліктің теңгеріміндегі негізгі құралдардың есебін жүргізу материалдық құндылықтарға, негізгі құралдарға және тауарлық - материалдық қорларға түгендеу жүргізу, мүлікті мемлекеттік мүлік тізіліміне паспорттау және қайта бағалау; негізгі қорлардың жай-күйі туралы статистикалық есептілік жасау; бухгалтерлік есептің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемориалдық ордерлер ресімдеу; бухгалтерлік есептің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жартыжылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті жасауға қатысу Министрліктің орталық аппаратына; орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін 1 С базасына енгізу (тарату), Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен салыстыру; 1 С базасында дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысуларды есепке алуды жүргізу, белгіленген мерзімдерде бере отырып, аванстық төлемдер бойынша жеткізушілермен есеп айырысулардың талдамалық есебін жүргізу; ЭҚЖЖ электрондық есебін жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33